Трамптың соты 2024 жылдың 20 мамырында басталады
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік маңызы бар құпия құжаттарды заңсыз сақтады деп айыпталған экс-президент Дональд Трамптың ісі бойынша бірінші сот отырысының күні анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.
Федералды судья Айлин Кэннон АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың құпия құжаттарға қатысты ісі бойынша сот ісін бастау күнін 2024 жылдың 20 мамырына белгіледі. Тыңдаулар оның қазіргі президент Джо Байденге қарсы қайта сайлау науқаны қызған кезде басталады.
Прокурор сотты 2023 жылдың желтоқсанында бастауға шақырды, ал Трамптың адвокаты оны 2024 жылдың қарашасында өтетін президенттік сайлаудың соңына дейін қалдыруды сұрады.
Жалпы, Ақ үйдің бұрынғы басшысына 38 бап бойынша айып тағылды, оның ішінде үлкендерге арналған кино актрисасы Сторми Дэниэлске үндемеу үшін ақша төлегені туралы, сондай-ақ несие алу үшін мүліктің құнын асырған алаяқтық ісі бар.
Өткен президенттік сайлаудың қорытындысын жою әрекеті бойынша тергеу жалғасуда.