«Трансаэро» әуе компаниясының дүйсенбі күнге жоспарланған 55 рейсі ұшырылмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан айының басынан бергі рейстері тәрізді, "Трансаэро" әуе компаниясының 12 қазан күнгі 55 рейсі ұшырылмайтын болды, деп хабарлайды Вести.ру әуе тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұшырылмайтын рейстердің жолаушыларын қажетті жерлеріне жетуін "Аэрофлот" тобы қамтамасыз ететін болады. Айта кетейік, 11 қазан күні "Трансаэро" әуе компаниясының 53 рейсі ұшырылмай қалған болатын. Ұшырылмайтын рейстер туралы ақпаратты әуе компаниясының сайтынан қарауға болады.
2015 жылғы 12 қазанда ұшырылмайтын рейстердің ішінде Қазақстанға ұшатын UN 229 Внкуово-Қарағанды бағыты да бар.
Бұдан бұрын Ресей үкіметі аталмыш компанияның банкрот болғаны туралы шешім қабылдаған болатын, 1 қазаннан бастап әуе тасымалдаушысы билеттер сатпайтын болды. Ірі ресейлік әуе компаниясы өзінің 250 млрд. рубльге жуық қарызын өтей алмады.
Енді Ресей мемлекеті «Трансаэро» кредиті бойынша 9 млрд. рубльді өтейтіні белгілі болды.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай , «Трансаэро» әуе компаниясының ақпаратына сәйкес, сатылған билеттер құнын қайтару үшін 100 млн. теңге қаржы қарастырылған. Қазақстанда билеттерді қайтару «Трансаэро» АҚ» ААҚ ҚР Бас өкілдігі (Астана) мен Алматы қаласындағы өкілдігінде жүзеге асады.