«Трансаэро» әуе компаниясының Қазақстанға жоспарланған рейстері ұшырылмайды

Атап айтқанда, 20 қазанда «Трансаэро» әуе компаниясының Қазақстан бағытындағы келесі рейстері тоқтатылды: UN204 Астана - Внуково; UN230 Қарағанды - Внуково; UN255 Внуково - Алматы; UN256 Алматы - Внуково UN277 Внуково - Ақтөбе; UN278 Ақтөбе - Внуково. Жолаушылардың қолайлылығы үшін «Трансаэро» сайтында рейстердің статусын 2 күн бұрын тексеру қызметі іске қосылды. Тоқтатылған рейстердің жолаушылары «Аэрофлот» тобы компаниясының рейстерімен тасымалданады. «Трансаэро» әуе компаниясының жолаушыларын үздіксіз тасымалдау үшін Аэрофлот жедел штаб құрды. «Трансаэро» жолаушыларын тасымалдау 2015 жылдың 15 желтоқсанына дейін жүзеге асады. Қазір 21-22 қазандағы рейстер бойынша тәуліктік жоспар құрастырылып жатыр. Ұшу жоспарлары туралы ақпарат Аэрофлот пен «Трансаэроның» сайтындағы және әлеуметтік желілердегі парақшаларында күн сайын жаңартылады.