TransAsia Airways ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 33 мың доллардан төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен сәрсенбіде ATR-72 ұшағы апатқа ұшыраған тайваньдық TransAsia Airways компаниясы қаза тапқандардың отбасына 33 мың доллардан төлейді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

TransAsia Airways ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына  33 мың доллардан төлейді

Бұдан басқа, апат салдарынан жарақаттанған жолаушыларға 6 мың доллардан берілмек.

Компания қайғылы оқиға құрбандары туралы деректерді нақтылады: 48 адам мерт болып, 10 адам ауруханаға жеткізілген.

ATR-72 ұшағы Пэнху (Қытай мен Тайвань аралығында орналасқан) архипелагындағы Магун қаласының әуежайына қонар кезде апатқа ұшырады. Лайнер Гаосюннен Магун қаласы бағдарындағы GE222 рейсті орындаған.

Ұшақтың осы өңірде «Матмо» дауылы соққан кезде, ауа райының қолайсыз жағдайында қонғаны хабарланды.

Келеңсіз жағдайдан кейін Магун қаласының әуежайы жабылды.