Трансформербек: Шымкент көшелерінде Оптимус Прайм жүр

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Бағдаршамнан өткен трансформер көпшілікті таңғалдырды.

Трансформербек: Шымкент көшелерінде Оптимус Прайм жүр
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде тараған видеодан робот трансформердің жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқанын көруге болады. Тіпті, жүргізушілерге қол көтерген сәті де видеоға анық түсіп қалған. Бойы екі метрге жуық робот кейпіне енген адамның жүрісі де Оптимус Праймға ұқсайды.

Аталған видеоға оқырмандар тарапынан түрлі пікірлер жазылып жатыр. Олардың ішінде, «трансформербек», «магазиннің алдында тұратын еді, жүріп кеткен бе?», «Шымкентке жетер қала жоқ», «Жолда көрсең кинодағыдай көрінеді екен, тойда басқаша көрінеді», «Қатын көпірге запчастқа бара жатыр ма?» деген жазбалар бар.

Ал жақында Шымкенттегі орталық көшенің біріне үлкен аспалы iphone телефоны орнатылды. Желі белсенділерінің жазуынша, телефон жарнама ретінде қойылған. Сондай-ақ, экранынан түрлі жарнамалық роликтерді тамашалауға болады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкенттегі Абай саябағында заңсыз салынған нысан бұзылатынын жазған болатынбыз.