АҚШ трансгендерлерді әскерден босатпақ

АСТАНА. KAZINFORM –  АҚШ армиясында трансгендерлер 30 күн ішінде қызметтен босатылады, деп хабарлайды CBS News.

 Трансгендерлер бір ай ішінде АҚШ әскерінен босатылады
Фото: army.mil

Бұл туралы президент Трамптың трансгендерлерге әскери қызмет атқаруға тыйым салу туралы бұйрығына қарсы сот ісі аясында жарияланған Пентагон қызметтік хатында айтылған, деп жазды CBS жаңалықтар бөлімі.

- Гендерлік дисфория диагнозы немесе анамнезінде, сондай-ақ соған сәйкес белгілері бар әскери қызметшілер әскери қызметтен босатылады, - делінген құжатта.

Бұл ретте әскери қызметшінің мемлекет мүддесіне байланысты қызметте қалдырылуы мүмкін екенін айта кеткен жөн. 

Мұндай ерекшелікке сәйкес болу үшін әскери қызметшілер ешқашан жынысын өзгертуге әрекет жасамағанын дәлелдеуге, сондай-ақ «әлеуметтік, кәсіптік немесе қызметтің басқа маңызды салаларында клиникалық маңызды күйзеліссіз немесе бұзылуларсыз биологиялық жынысында 36 ай қатарынан тұрақтылықты» көрсетуі тиіс.

АҚШ-тың белсенді әскери қызметкерлерінің арасында 15 мыңға жуық трансгендер бар деп шамаланып отыр. 

Бұған дейін АҚШ президенті трансгендер спортшыларға әйелдер арасындағы спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды.

 

Соңғы жаңалықтар