Транскаспий бағыты бойынша жылына 4 млн тонна Қазақстан жүгі тасымалданады
2022 жылдың 7 айында жүк тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 171%-ға артып, 845,2 мың тоннаны құрады. Контейнерлермен жүк тасымалдау көлемі 33%-ға ұлғайып, 17,6 мың ЖФЭ құрады.
ҚТЖ деректері бойынша тек қазақстандық жүктердің ранскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша тасымалдау әлеуеті жылына 4 млн тоннадан астамға бағаланып отыр. Халықаралық жеткізілім тізбегінің өзгеруі жағдайында Солтүстік Қытай - Еуропа бағытының логистикалық операторлары да өз көлемдерін осы бағытқа ауыстыра алады.
Меморандум екі елдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін Транскаспий халықаралық көлік бағдарын одан әрі дамытуға бағытталған.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ кеңеюдің 2-ші кезеңі шеңберінде терминалдық қуаттарды, сондай-ақ Алят портының қолданыстағы инфрақұрылымын дамытуға қатысу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Қол қойылған құжат портты бірлесіп дамыту үшін Қазақстан тарапына жер учаскесін және қолданыстағы айлақтарды бөлу мүмкіндігін көздейді.