Транскаспий дәлізі Еуропа мен Орталық Азия байланысын кеңейтеді - Чернецкий

ео
Фото: www.dailysabah.com

АСТАНА. KAZINFORM – Еуропарламент депутаты Рычард Чарнецкий (Польша) Daily Sabah газетіне мақала жазып, онда Транскаспий дәлізі туралы өз көзқарасын айтты, деп хабарлайды Kazinform. 

«Жаһандық байланыстарды дамыту контекстінде Транскаспий дәлізі Орталық Азияны Еуропалық Одақпен стратегиялық байланыстыратын инфрақұрылымдық жоба ретінде орталық орынды алады. Тауарлардың транзитін 15 немесе одан аз күн ішінде қамтамасыз етуге бағытталған бұл дәліз – ЕО-ның Жаһандық портал бастамасы арқылы Орталық Азия аймағымен байланыстарды нығайтуға саяси және операциялық міндеттемесінің куәсі», - деп жазды Р.Чарнецкий.

Оның пікірінше, тауарлардың 15 немесе одан аз күн ішінде транзитін қамтамасыз етуге бағытталған бұл дәліз ЕО-ның Жаһандық портал бастамасы арқылы Орталық Азия аймағымен байланыстарды нығайтуға саяси және операциялық міндеттемесінің куәсі саналады.

Сондай-ақ, Еуропарламент депутаты ЕО Транскаспий көлік дәлізінде үйлестірілген инвестицияларды жүзеге асыруға серпін беруге ұмтылып жатқанын жазған. Бұл нақты мерзімдері мен қаржылық міндеттемелері бар жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды жұмылдыруды қамтиды.

Сонымен қатар, еуродепутаттың пікірінше, инфрақұрылымға инвестиция қажеттілігі 18,5 млрд еуроны құрайды. Олар теміржол және автомобиль желілерін қайта құру, жылжымалы құрамды кеңейту, порттардың өткізу қабілетін арттыру және шекарадан өтуді жақсарту сияқты маңызды аспектілерді қамтуы керек.

Соңғы жаңалықтар
telegram