«Transparency International»: Қазақстан жемқорлықпен күрес деңгейі бойынша 9 сатыға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіл әлем бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрестің және жемқорлық деңгейін зерттейтін «Transparency International» халықаралық ұйымының бағалауымен Қазақстан 131 орыннан 122 орынға көтерілді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Штаб пәтері шетелде орналасқан әлемде ешкімге бағынбайтын «Transparency International» деген тәуелсіз әлемдік сарапшы ұйым бар. Ол әлемдегі бүкіл 180-нен астам мемлекетке - қай жерде жемқорлық өсті, қай жерде азайды - баға береді. Солардың берген бағасы бойынша 2016 жылы біз 131 орында тұрғанбыз. Ал енді қоғам өкілдерін жұмысқа жұмылдырудың арқасында біз 9 сатыға көтеріліп, 122 орынға тұрақтадық. Біз 131 орында тұрғанда жемқорлық ең қатты дамып кетті, терең тамырын жайып кетті деген мемлекеттердің қатарында болғанбыз. Ал қазір шүкір дейтіндей жағдайға келдік. Сондықтан, біздің мақсатымыз - қоғамның өзін, жұрттың өзін осыған жұмылдыру», - деді Арман Бердалин.

Айта кетсек, «Transparency International» - бүкіл әлем бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрестің және жемқорлық деңгейін зерттейтін үкіметтік емес халықаралық ұйым. Transparency International халықаралық қозғалысы Бүкіләлемдік банктің бұрынғы директоры Петер Айгеннің бастамасымен 1993 дылы Берлинде басталған. Қазіргі уақытта әлемдегі 100-ге жуық елде ұйымның бөлімшелері жұмыс істейді. 

Соңғы жаңалықтар