«Transparency» ұйымы ФИФА басшысы Блаттердің отставкаға кету керектігін мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Transparency International» халықаралық ұйымы Халықаралық футбол федерациясының президенті Зепп Блаттерді ұйымда шыққан жемқорлық дауына байланысты отставкаға кетуге шақырды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
None
None

Баспасөз хабарламасында ұйым болған оқиғаға Блаттерді кінәлап отыр. «Transparency International» өкілдерінің сөзіне қарағанда, ФИФА олардық жемқорлықпен күрес бойынша барлық ұсыныстарын елемеген.

Осыған байланысты Блаттер 20 жылға жуық отырған федерация басшысы қызметін босатуы тиіс, делінген баспасөз хабарламада.

Жұма күніне жоспарланған жаңа президентті сайлау шарасы кейінге шегерілуі керек, деп есептейді Transparency International.

Бұған дейін хабарланғандай, Швейцарияның федералды полициясы Цюрихте ФИФА алты шенеунігін қамауға алған. АҚШ оларды экстрадициялауды талап етіп отыр. Ұсталғандарға электронды аударым арқылы ақша жымқырды, бопсалаушылық және алаяқтық әрекетке барды деген айып тағылды.

Соңғы жаңалықтар