Трансплантация жасатқан науқастарға қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді – ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізге трансплантация жасатқан науқастарға қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Трансплантация жасатқан науқастарға қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді – ДСМ

«2021 жылғы 16 сәуірдегі жағдай бойынша «Сандиммун Неорал, 25 мг капсула» бірегей дәрілік затты жеткізу мәселесі пысықталды. Дәрілік зат 20-21 сәуірде Алматы қаласындағы Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына келіп түседі және өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының тәртіптеріне сәйкес жедел түрде еліміздің барлық медициналық ұйымдарына жөнелтілетін болады. Трансплантациядан кейін науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының ерекше бақылауында», - деліген ведомство таратқан ақпаратта.

Министрлік аутоиммунды аурулары және иммун тапшылығы бар пациенттерді «Қалыпты адам иммуноглобулині G» препаратымен қамтамасыз ету мәселесі шешілгенін атап өтеді. «СҚ-Фармация» ЖШС «Гамманорм» сауда атауымен түпнұсқалық препараттың жылдық көлемін сатып алған. Сатып алынған препараттың бірінші партиясы Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына келіп түсті және жасалған шарттарға сәйкес елдің медициналық ұйымдарына жөнелтіледі.

Сондай-ақ, бүгінгі күні «Қант диабеті» диагнозы бар балалар үшін инсулин помпаларына жиынтықтар мен шығыс материалдарын сатып алу қамтамасыз етілді.