Трансшекара суларына қатысты келіссөздерді сүйемелдеу жөніндегі департамент құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Трансшекаралық су мәселесіне қатысты келіссөздерді сүйемелдеу жөніндегі арнаулы департамент құрылады. Мәжіліс депутаттарының дәл осы сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайылов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Трансшекара суларына қатысты келіссөздерді сүйемелдеу жөніндегі департамент құрылады

«Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының 2019 жылдың 17 маусымындағы Жарлығымен құрылған Экология және табиғи ресурстар министрлігі өзіне жүктелген су ресурстарын басқару қызметін орындайды. Министрлік жүйесінде бұл мәселеге қатысты негізгі жұмысты Су ресурстары жөніндегі комитет, оның бассейндік инспекциялары мен трансшекаралық өзендер департаменті жүргізеді. Үкімет су ресурстарын басқару жөніндегі жеке мемлекеттік орган құру туралы ұсынысты саралай келе, министрліктің қолданыстағы өкілеттік көлемі су ресурстарын басқару саласын кешенді реттеуді қамтамасыз етеді деп санайды. Сондықтан қазіргі уақытта жеке мемлекеттік орган құруға ерте», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Дегенмен, Премьер-Министр су ресурстарын тиімді қорғау және пайдалану бойынша тапсырмаларды, мемлекетаралық су қарым-қатынасын қалыптастырудағы саясаттың келешегін ескере отырып, өкілетті органның штат санын ұлғайту мәселесі пысықталып жатқанын атап өтеді.

«Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, орталық деңгейдегі іс басындағы бөлімшелерді күшейтіледі және келіссөздерді сүйемелдеу жөніндегі арнаулы департамент құрылады. Осылайша, су ресурстарын басқарудың барынша тұтас жүйесі қалыптастырылады», - деді Әлихан Смайылов.