Трансұлттық компанияларға қатысты бірқатар салық және кедендік жеңілдіктер енгізу ұсынылды - Ә.Исекешев

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның индустриалды-инновациялық саясаты мәселелері бойынша заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына ірі трансұлттық компанияларға қатысты бірқатар салықтық жеңілдіктер енгізу қарастырылған, деп хабарлады бүгін құжатты таныстыру барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

Трансұлттық компанияларға қатысты бірқатар салық және кедендік жеңілдіктер енгізу ұсынылды - Ә.Исекешев

«Жобаларды табысты жүзеге асыруда және ірі трансұлттық компаниялардың жұмысын сақтап қалу үшін инвесторларға берілетін жеңілдік режімін сақтап қалу керек. Осыған байланысты, инвестицияланып жатқан жоба аясында пайдаланып жатқан шикізаттар, материалдар импорты барысында жаңа салықтық, кедендік жеңілдіктер жасалғаны абзал», - деді Ә.Исекешев.

Бұдан өзге, ол өңдеуші өнеркәсіпті одан әрі дамыту үшін әсіресе әлемдік нарықтардағы жағдайды өзгерту аясында, оның ішінде көршілес елдерде бірегей технологияларға қолжетімділіктің маңызы зор екенін айтып өтті.

«Бұл тұрғыда басым бағыттар мен салалар бойынша Renault-Nissan, Shevron, LG, aAirbus, IBM, Microsoft сияқты және тағы басқа халықаралық компаниялармен келіссөздер жүргізілуде, сондай-ақ басым бағыттар бойынша әлеуетті серіктестер іздеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде, 20-дан астам трансұлттық корпорациямен келіссөздер аяқталды», - деп мәлімдеді министр. «Қазақстанның индустриалды-инновациялық саясаты мәселелері бойынша заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 55,56,57,59,63,86 қадамын жүзеге асыруға бағытталған және әлдеқайда жағымды инвестициялық ахуал жасау, энергия сервистік қызметтер нарығын дамыту, Қазақстандағы туризм индустриясын одан әрі жүйелі дамыту, нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті және шетелдік жоғары технологиялы компанияларды тарту, инновациялық кластерлерді дамыту мақсатында жасалған. Заң жобасында 3 кодекске, 6 Заңға түзетулер енгізу қарастырылған.