Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Енді транзиттік ауыр жүк көліктері Астанаға кіре алмайды

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігінің жүру схемасы мен тәртібі айқындалды. 

Транзиттік ауыр жүк көліктері Астанаға кіре алмайды
Фото: Айзада Агильбаева/Kazinform

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңы 8-бабының 13) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі тиісті қаулы шығарды

— Ауыр жүк таситын транзиттік көлік құралдарының жүруі «Астана қаласының айналма жолы» автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылады. Ауыр жүк таситын транзиттік көлік құралдарына «Астана қаласының айналма жолы» автомобиль жолының ішінде орналасқан аумағына кіруіне тыйым салынады, — деп аталып өткен құжатта.

Жалпы, Қазақстан Республикасының заңнамасында қала шегінде жеңіл автомобильдердің қозғалысына шектеулер белгіленбеген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жазғы маусымда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы күшейгеніне байланысты Көлік министрлігі жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырды