14:23, 02 Ақпан 2024 | GMT +5
Тректегі велоспорттан Ұлттар кубогы басталды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Аустралияның Аделаида қаласында тректегі велоспорттан Ұлттар кубогы басталды.

Туризм және спорт Министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталмыш жарыста Қазақстан сапынан 3 спортшы сынға түседі. Олар - Рамис Дінмұхаметов, Сергей Пономарев, Андрей Чугай.
Аталған Ұлттар кубогына әлемнің 49 елінен 291 спортшы қатысып жатыр.
Әлемдік дода 4 ақпанда мәресіне жетеді.