Тректегі велоспорттан Азия чемпионаты: Қазақстандық 2 медаль иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда тректегі велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың үш түріне қатысқан «Астана» велокомандасының велошабандозы қазақстандық Артем Захаров екі медаль - командалық жарыстан «қола» және ұпай бойынша топтық жарыста «күміс» жүлде жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат велокоманданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

«Жалпы, жақсы нәтиже көрсетіп, Азия чемпионатынан екі медальмен оралмақшымын. Омниумда жолым болмады. Қазір Азияда бәсекелестік өте жоғары, спортшылардың деңгейі де өскен. Токиодағы Олимпиадаға дайындық жақсы, жоспар бойынша жылжып жатырмыз», - деді Артем Захаров.

Артем Индонезиядан Аустралияға барып, «Астана» велокомандасындағы әріптестеріне қосылады. Олар 15 қаңтарда Тур Даун Андер көпкүндік жарыс жолына шығады. Олимпиада ойынарына іріктеу аясында Артем 25-27 қаңтар аралығында Гонконгте өтетін Әлем кубогына қатысады.

Соңғы жаңалықтар