Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тректегі велоспорттан Қазақстан спартакиадасының алғашқы жеңімпаздары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда тректегі велоспорттан Қазақстан Спартакиадасы басталды. Жарыстың алғашқы күнінде командалық спринттен жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Тректегі велоспорттан Қазақстан спартакиадасының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Ерлер арасында алтын жүлдені Қарағанды облысының командасы иеленді.

Екінші және үшінші орында Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысы орналасқан.

Әйелдер арасында Алматы облысы топ жарды. Күміс жүлдені Нұр-Сұлтан командасы, қоланы Қарағанды облысы жеңіп алды.