Триатлоннан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Спорт
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияның Хацукаити қаласында триатлоннан 21 сәуір күні кезекті Азия чемпионаты жалауын желбіретеді.

Аталмыш сайыста ел намысын Аян Бейсенбаев, Темірлан Теміров, Мейірлан Искаков, Дарын Қонысбаев пен Екатерина Шабалина қорғайды.

Бұған дейін 2023 жылы Сауд Арабиясында өткен Азия чемпионатында Аян Бейсенбаев пен Екатерина Шабалина топ жарған болатын.

Естеріңізде болса, 2023 жылы Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында Аян Бейсенбаев қола жүлдеге ие болған еді.

Соңғы жаңалықтар