Триатлоннан Азия кубогына қатысатын спортшыларды тіркеу аяқталды
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда 3-4 тамызда Сайран көлінде өтетін триатлоннан кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасындағы ASTC Asian Cup халықаралық кубогы турниріне арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Азия Кубогы» Алматыда екінші рет өтеді. Бүгін кәсіби мамандар мен әуесқойларды тіркеу жұмысы аяқталды. Кәсіби-элиталық санатқа 19 елден 46 ер адам және 23 әйел адам қатысатынын растады, бұл өткен жылмен салыстырғанда көп. Екінші күні, яғни 4 тамызда әуесқойлар арасындағы «Темір адам» кубогының 8-кезеңі басталады. Барлығы 215 спортшы, оның ішінде 182 спортшы жеке есепте және 10 эстафеталық команда бақ сынайды. Қатысушыларымыздың тізіміне қарап, географияның кеңейіп келе жатқанын байқауға болады, олардың арасында тек Қазақстан ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетел спортшылары да бар», - деді ҚТФ маркетинг директоры Ақмарал Еспенбетова.
Сондай-ақ, ол еліміздегі мықты спортшылардың атын атады.
«Қазақстандық триатлон федерациясының басты міндеті - біздің спортшыларды Токио-2020 Олимпиадасына тарту. Арина Шульгин, Аян Бисенбаев және Дарын Қонысбаевтан үлкен үміт күтеміз», - дейді ол.
Сонымен қатар, федерация 5 халықаралық шара ұйымдастырды. Жақында Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында Азия кубогын өткізді.
Бұғанға дейін, Алматыда триатлоннан Азия кубогы өтетін күндері бірнеше көшенің жабылатынын хабарлаған болатынбыз.