Триатлоншы Екатерина Шабалина Африка кубогінде «қола» алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Марокконың Дахла қаласында өткен триатлоннан Африка кубогінде қазақстандық Екатерина Шабалина қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Шабалинаның қорытынды көрсеткіші – 01:01:34. Алтын және күміс жүлделерді жапондықтар Минори Икено мен Чисато Накаджима жеңіп алды.
Жарысқа 15 мемлекеттен 37 триатлоншы қатысты.