Триполиде екі күшті жарылыс болды
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Триполиде бүгін түнде екі күшті жарылыс болды. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс болардың алдында олар жақындап келе жатқан ұшақтардың дыбысын естіген.
Зардап шеккен нысандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ, деп хабарлады РБК «Әл-Арабия» телеарнасына сілтеме жасай отырып. Сондай-ақ түнгі әуе соққысынан зардап шеккендер туралы да ақпарат жоқ.