Триполиде Каддафидің ұлы авиасоққы кезінде қаза болды
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Ливиялық көшбасшы Муамар Каддафидің ұлдарының бірі болжам бойынша НАТО күшімен жасалған авиасоққы кезінде қаза тапты,
деп хабарлады жұма күні AFP көтерілісшілер өкілі Мохаммед Зауаиға сілтеме жасап.
Оның мәліметтері бойынша, НАТО-ның жұмаға қараған түні Триполидің шығысына қарай 150 шақырым жердегі Злитан қаласына жасаған шабуылы кезінде Хамис әл-Каддафи қаза болды.
Злитанға шабуылдау кезінде барлығы 32 адам мерт болды, деп қосты Зауаи.
Екі некеден Каддафидің жеті ұлы бір қызы бар. Бұған дейін әлемдік БАҚ хабарлағандай, Каддафидің ұлдарының бірі - 29 жасар Саиф әл-Араб 1 мамырға қараған түні НАТО-ның Каддафидің резиденциясы орналасқан Баб әл-Азизия ауданына жасаған шабуылы кезінде қаза тапты. Онымен бірге Каддафидің үш немересі: төрт айлық Мастура, екі жасар Саиф пен үш жасар Картаго көз жұмды.