Тіркеуден өтуге 10 күн берілді: Астана прокуратурасы ескерту жасады
АСТАНА. KAZINFORM — Жыл басынан бері елордада тіркеусіз тұрғаны үшін 41 906 адам жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру әкімшілік құқық бұзу.
— Жыл басынан бері елордада тіркеусіз тұрғаны үшін 41 906 адам жауапкершілікке тартылды. Олардың 533-і әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап жасаған, — делінген Астана қаласы прокуратурасы хабарламасында.
Шетелден Қазақстанға келген азаматтар келген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде тіркелуге міндетті.
Прокуратура елорда тұрғындарын азаматтардың тіркеусіз және құжаттарсыз тұруына жол бермеуге шақырады. Сондай-ақ аталған талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабына сәйкес 20 АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылықтың көзделгенін ескертеді.
Айта кетелік «Резеңке пәтерлер»: заңгер пәтерге қанша адамды тіркеуге болатынын түсіндірген еді.