Троллейбус жүргізушісі 9 жасар баланы қабаған иттен құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек мэрі Албек Ибраимов қабаған иттен баланы құтқарып қалған троллейбус жүргізушісі Мелис Калмырзаевты атаулы сағатпен марапаттады, деп хабарлады КирТАГ.
None
None

Оқиға 2016 жылы 30 наурызда орын алды. №4 троллейбусының жүргізушісі «Ақ-Тілек» ауданында бағдаршам маңында үлкен қара ит, шамамен  ротвейлер,  бүлдіршіннің аяғынан тістеп  оны жолмен сүйреп бара жатқанын көріп қалған.

Жүргізуші троллейбусты тоқтатып, көп ойланбастан  баланы құтқаруға ұмтылды. Артынша оған көмекке жас жігіттер келіп, тоғыз жасар баланы қабаған иттен арашап қалды

Қазір жапа шеккен бүлдіршін Бішкектегі 3-ші балалар ауруханасындағы травматология бөлімінде. Бас дәрігер Т.Өмірбековтің айтуынша, қазір баланың жағдайы қанағаттанарлықтай.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар