«TS Engineering Group» компаниясы «Bukhar Zhyrau Towers» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады

күйектің 29-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда  «TS Engineering Group» компаниясы  «Bukhar Zhyrau Towers» тұрғын үй кешенін салып бітіруіне байланысты баспасөз маслихатын өткізді,

«TS Engineering Group» компаниясы  «Bukhar Zhyrau Towers» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Bukhar Zhyrau Towers» төрт 22-қабатты ғимарат. Жобаның жапы құны 125 млн. долларды құраған, мұнда 33,3 млн. доллар «Самұрық-Қазына» қорынан бөлінсе, 29,7 млн. долларды «Казкоммерцбанк» берген.

         Аталмыш компанияның басшысы Серік Тұлбасовтың айтуынша, жобаның артықшылығы - экологиялық жағынан таза әрі қолайлы жерде орналасқан. Сондай-ақ  үлкен жерасты көлік тұрағы бар. Ал бірінші қабатта бассейн, фитнес орталығы, азық-түлік сауда кешені орналасқан.