Цемент цехындағы жарылыс: Түркістан облысы полиция департаменті тергеуді бастады

Жарылыс
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Түлкібас ауданындағы цемент цехында болған жарылысқа қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Kazinform.

Түркістан облысында цемент зауытындағы жарылыстан 52 жастағы жұмысшы мерт болды.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша тіркелді. Қылмыстық іс аясында бірқатар тиісті сараптамалар да тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жарылыс
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

«Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Аталған жағдай бойынша тергеу Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығының бақылауында» - деді Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Айта кетейік, цемент зауыттағы жарылыстан 1971 жылғы науқас қайтыс болды. Ал, қазір жансақтау бөлімінде екі адам емделіп жатыр. Оның бірінің денесін 100 пайыз күйік шалған. Ал, екінші адамның денесі 70-75 пайызға күйген.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum