Цифрландыру қазақстандық студенттердің өмірін қалай жеңіл етті

АЛМАТЫ. KAZINFORM –  Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова «Digital Almaty» форумындағы панельдік талқылау барысында ведомство негізге алатын цифрлық шешімдер туралы айтты.

цифрландыру
Фото: Midjourney

Табысты кейстердің бірі ретінде спикер eGov-mobile қосымшасы арқылы жоғары оқу орындарына құжат тапсыру мүмкіндігін атап өтті.

«Бүгінде құжатты eGov арқылы ешқайда шықпай, электронды түрде тапсыруға болады. Осыған дейін 13 мың талапкер бұл қызметті пайдаланды. Сонымен қатар 1 414-тен 60 мың SMS хабарламасын алды. Бұл бақытты SMS, себебі сол арқылы 60 мың талапкер грант алғаны жайлы білді», - деді Динара Щеглова. 

Сондай-ақ онлайн қызметтер арқылы грант иегерлері ғана емес, ақылы оқитындар, магистранттар, докторанттар да өтініш бере алады.

Спикер жаңа оқу жылында студенттер eGov арқылы жатақхана немесе азаматтардың әлеуметтік топтарына сәйкес тамақ ала алатынын тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар