Цифрлық активтер саласының дамуына қажет негізгі жағдайлар жасалды – Премьер-министр

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов отандық қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысты пікір айтты.

Объем операций с цифровыми активами в Казахстане достиг $10,6 млрд
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform10:34

- Мемлекет басшысы еліміздің технологиялық жаңғыруына қатысты маңызды міндеттер қойды. Цифрлық активтер саласы - Қазақстан экономикасында мүлдем жаңа бағыт. Оның дамуына қажетті негізгі жағдайлардың бәрі жасалды. Енді толыққанды экожүйені қалыптастыру кезеңі жүріп жатыр. Бұл инвестициялар мен жаңа технологияларды тартып, отандық қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды. Ендігі кезекте цифрлық активтер мен жаңа қаржы құралдарын біртұтас қаржы және технология желісіне ықпалдастыру қажет, - деді О. Бектенов.

Оның сөзіне қарағанда, нақты активтерді токенизация жасауға баса көңіл бөлу керек. Бұл экономикаға қаражат тартудың тағы бір тиімді құралына айналады.

- Бізде ірі инфрақұрылымдық жобалар, жылжымайтын мүлік нысандары, шикізаттық және басқа да активтер бар. Осы жобаларға қосымша қаражат тарту үшін токенизацияны пайдалануға болады, яғни, салынып жатқан кез келген ғимаратты немесе жобаны инвесторлар қаржыландыра алатын цифрлық үлестерге бөлуге болады. Мұндай жобаға кез келген адам акционер ретінде қатыса алады. Ұлттық банк активтердің нақты тізбесін айқындауы қажет. Олар инвестиция тарту үшін басым тәртіппен цифрлық нысанға ауыстырылуға тиіс. Бұл тетік мұқият реттеліп, жүргізілетін мәмілелердің қауіпсіздігіне кепілдік берілуі керек, - деді Үкімет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде 76 лицензияланған майнер бар.