Цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қолсыз теңге бағамына әсер ете ме – Ұлттық банк жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк жаңа валюта – цифрлық теңгені қолданысқа енгізуге қатысты агенттіктің нақтылау сауалына жауап берді. Олардың айтуынша, валюта шығару қолма-қол және қолма-қол ақшасыз теңге бағамына әсер етпейді. 

Цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қолсыз теңге бағамына әсер етпейді
Фото: DALL-E

Теңбе-тең

Сауал жауабында цифрлық теңге басқа ұлттық валютаның басқа нұсқаларымен теңбе-тең (қолма-қол және қолма-қолсыз ақша), сондай-ақ ұлттық валюта бағамына әсер етпейді. Ол Ұлттық Банк және екінші деңгейлі банктердің жүйелерімен біріктірілген тізілім платформасында жүзеге асырылған. 

«Цифрлық теңге – Ұлттық банк шығаратын және міндеті саналатын ақша қаражаты. Ал криптовалюталар ақша болып саналмайды. Олар бойынша ешкімнің міндеттемелері жоқ және олар Қазақстан Республикасында есеп айырысу құралы ретінде әрекет ете алмайды», - делінген сауал жауабында. 

Цифрлық теңгені кімдер пайдалана алады

Қазақстандықтар цифрлық теңгені қолма-қол және қолма-қолсыз ақша сияқты өз қалауы бойынша пайдалана алады. Жеке және заңды тұлғалар үшін цифрлық теңгеге қол жеткізу (шоттар ашу, цифрлық теңгені айырбастау және сатып алу, төлемдер, аударымдар және өзге де операциялар) қаржы нарығына қатысушы банктер арқылы жүзеге асырылады. Толық көлемде цифрлық теңге 2025 жылы іске қосылады, содан кейін оған барлық ниет білдіруші қол жеткізе алады. 

Қазір қалай қолдануға болады 

Цифрлық теңгенің пилоттық жобасы цифрлық теңгені шығару, пилоттық топқа қатысушы банктердің клиенттері арасында төлемдер жүргізу сценарийлері бар, ол 5 банкте жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Үкіметпен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, жол құрылысында бюджет қаражатын қадағалау және ауыл шаруашылығында мемлекеттік қолдау шаралары жобалары іске асырылуда. 

Цифрлық теңгенің қолма-қол ақшадан басты айырмашылық неде

Цифрлық теңгенің ерекшелігінің бірі таңбалау мүмкіндігі, яғни бағдарламалау арқылы оған белгілі бір қасиеттер беру. Осы ерекшеліктер арқылы мемлекеттік сатып алулардағы есеп айырысу тізбегі бойынша бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалау қамтамасыз етілуі мүмкін. 

Бұған дейін Қазақстанда қосылған құн салығын цифрлық теңгемен төлеуге болатынын жазған едік.