Цукерберг соңғы екі жылда алғаш рет Meta акцияларын сатты

Марк Цукерберг Meta Platfroms Inc. компаниясының акцияларын баға белгілеу өскен 2021 жылдың қарашасынан бері алғаш рет сатты, делінген Құнды қағаздар мен биржа комиссиясы (SEC) ұсынған құжатта. Kazinform бұл туралы INTERFAX-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Meta ақылы жазылушыларынан жарнаманы алып тастайды
Фото: pixabay.com

Қарашада Цукербергпен байланысы бар түрлі ұйымдар Meta-ның 682 мыңға жуық акциясын 185 млн долларға сатқан.

Meta-ның нарықтағы бағасы жыл басынан қарашаның аяғына дейінгі аралықта Nvidia Corp. компаниясын қоспағандағы АҚШ-тың ірі IT-компанияларының ішінде рекордтық қарқынмен – 172%-ке дейін көтерілді. Акциялардың бағасы 2021 жылы тіркелген тарихи ең жоғары көрсеткішке жақындап қалды.

Цукерберг бұрынғыша Meta-ның 13%-не иелік етеді. Оның байлығы 117,7 млрд доллар деп бағаланып отыр.

Кәсіпкер мен оның жары Присцилла Чан бұған дейін қаржысының 99%-ін қайырымдылыққа жұмсауға уәде берген болатын. Олар негізін қалаған қайырымдылық қорлары теңдік, аурулармен күрес, биомедицина, қолжетімді баспана және басқа да бастамаларды қолдаумен айналысады.