Ттарихшы Анатолий Оловинцовтың "Тюрки или монголы ? эпоха Чингисхана" атты кітабі жарық көрді

Кітаптың таныстырылымына ғалымдар, тарихшылар және қоғам қайраткерлері қатысты.
Басылым "Филиппова О.А" баспасында 250 данамен жарық көрді. Кітап 13-14 ғасыр аралығындағы монғол империясының тарихын қамтыған, яғни бүгіндегі оның аумағына кірген заманауи Қазақстан, Ресей, Орталық Азия және тағы да басқа елдердің тарихын баяндайды.
Шараның ашылуында Анатолий Оловинцов кітабы жайлы қысқаша тоқталып өтіп, жұрт назарына ХІІІ-ХХІ ғ.ғ. Шыңғысханның геологиялық шежіресін жасап ұсынды. Бұл шежірені Қазақстанның ғалымдары барлық шет елдерде ғылыми түрде дәлелденген шежіре ретінде пайдаланып келеді.
"Оқырмандар бұл кітаптан Шыңғысхан деген кім, оның нағыз келбеті қандай болған, түркі халқының Шыңғысхан империясындағы қалыптасудағы рөлі, жарты әлемді жаулап алған Шыңғысханның әскери жорықтары жайында, Шыңғысханның сол заманда қандай заңдар шығарғаны жайында, сонымен қатар, түріктің алғашқы ақша қағаз түрінде шығарылғанын, монғолдар мен жоңғарлардың шығу тегі жайында, жалпы 13-14 ғасыр аралығындағы монғол империясының тарихын оқып біле алады",-деді кітап авторы.
Бұнымен қатар, кітапта 13-14 ғасырдағы монғолдардың жазба деректері келтірілген, онда автор тұңғыш рет монғол империясының мемлекеттік тілі түрік тілі деп дәлелдеп отыр. Бұған байланысты ол бірнеше деректермен суреттерді дәлелдеп ұсынды.
Анатолий Оловинцов - халықаралық дәрежеде мойындалған «Чингизиды» (2010г.) атты кітаптың авторы болып табылады.