Ту-154 бортындағы төтенше жағдайға байланысты Анталияға ұшуын кейінге қалдырды

МӘСКЕУ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Ту-154 ұшағының экипажы бортындағы бықсып жануға байланысты Дондағы Ростов әуежайынан жедел қону туралы сұрау салды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

 Лайнер Түркияның Анталия қаласына Ростовтан ұшып шыққан болатын, алайда қысқа мерзім ішінде техникалық торапта және ұшқыштардың кабинасында бықсып жану тіркелді. Ұшақ кері оралуға және отынды жағып жіберу мақсатында әуежай төбесінде айналып ұшуға мәжбүр болды.

Мәскеу уақытымен сағат 13:00-де лайнер Ростовқа аман-есен қонды. Ту-154-тің бортында 156 жолаушы болғаны, олардың ешқайсысының зардап шекпегені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар