Туберкулез дертіне қарсы айлық басталды - Астана
АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Астана қаласында туберкулез ауруына қарсы айлық басталды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ақпараты бойынша, айлық 23 наурызға дейін жалғасады. Осы уақыттың ішінде қалалық емханалар мен туберкулез диспансерінде тегін кеңестер берілетін болады.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде елордада осы дертке шалдыққан 650 науқас амбулаторлық ем қабылдап жүр.