Туберкулез дертіне шалдығу Қазақстанда жоғары деңгейде сақталып отыр -Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығының директоры

АЛМАТЫ.  29 ақпан. ҚазАқпарат -2002 жылдан бастап құрт ауруымен науқастану саны 100 мың адамға шаққанда 165,1 көрсеткішінен 2011 жылы 100 мың адамға шаққанда 86,8-ге дейін төмендеді.
None
None

 Яғни туберкулез ауруы көрсеткіші 47 пайызға кеміп отыр. Дегенмен де, қазіргі таңда бұл дертке шалдығу Қазақстанда жоғары деңгейде сақталуда. Сол себепті де құрт ауруының алдын алу және емдеу Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл туралы Алматыда «Қазақстандағы құрт ауруына байланысты жағдайды өзгертуге не көмектесе алады: сарапшылардың пікірі» деген тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығының директоры Тілеухан Әбілдаев айтты.

 Оның сөзіне қарағанда, құрт ауруы қазіргі замандағы қоғамдық денсаулық сақтау саласының әлемдік ауқымдағы күрделі мәселесі ретінде қалып отыр.

 «Алдын алу шараларын елемеудің қазіргі жағдайында құрт ауруы кедей болсын, бай болсын, халықтың барлық топтарына жетіп отыр. Көптеген дәрілерге тұрақтылық көрсететін және емделуі қиын құрт ауруына шалдығудың өскені байқалуда. бұл кеселдің ауыртпалығы денсаулық сақтау жүйесіне түсетін орасан зор салмақ түсіріп, ел экономикасындағы шығынмен тығыз байланысып қана қоймай, сондай-ақ халық санының кемуіне әкеліп соғуда. ДДСҰ болжамы бойынша алдағы 10 жылда құрт ауруы бүкіл әлем бойынша ауру-сырқат пен өлім-жітімге әкелетін 10 негізгі себептердің бірі ретінде қала бермек»,-дейді Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері Ұлттық орталығының директоры Жамиля Баттақова.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес 2010 жылы құрт ауруының 8,8 млн. жаңа жағдайы тіркелген (2009 жылы бұл көрсеткіш 9,4 млн. құраған). Науқастарды емдеудің қолжетімді әрі тиімді жолдары бар болғанымен, 2010 жылы 1,1 млн. адам туберкулез ауруынан қайтыс болған.

Соңғы жаңалықтар