Туберкулезбен күрес күніне орай Алматыда бактериологиялық зертхана мен жаңа оқу орталығы ашылды

/strong>Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай ҚР денсаулық сақтау министрлігі туберкулез проблемалары ұлттық орталығында ұлттық референс - бактериологиялық зертхана мен жаңа оқу орталығының ашылу салтанаты өтті,

Туберкулезбен күрес күніне орай Алматыда бактериологиялық  зертхана мен жаңа оқу орталығы ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш орталықтар АҚШ даму агентігінің (USAID), бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы мен еліміздің туберкулез проблемалары ұлттық орталығының қаржылай көмегінің нәтижесінде ашылып отыр.

ҚР ДМ туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор Шахимұрат Исмаиловтың айтуынша, бүгінгі ашылған зертхана халықаралық стандарттарға сай. «Бұл зертхана соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Осы жабдықтар арқылы ауруды жедел анықтап, диагностикалық әдісті қолдану арқылы 1-2 күнде диагноз қоя аламыз. Бұл аппараттармен жұмыс істеу үшін алдын ала мамандарды Германиядан оқыттық», дейді директор.

Сондай-ақ ол бүгін ашылған оқу орталығында еліміздің басқа облыстарынан келген мамандар өз білімін жетілдіретіндігін жеткізді. «Еліміз бойынша мамандарды осы технологияға үйретіп, білімдерін жетілдіре түссек, туберкулезге қарсы күресіміз күшейеді», дейді Ш.Исмаилов.