Туберкулезді 2 сағат ішінде анықтауға мүмкіндік беретін тәсіл ірі қалалар мен аудан орталықтарында да енгізілмек - Т.Әбілдаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Туберкулезді 2 сағаттың ішінде анықтауға мүмкіндік беретін тәсіл ірі қалалар мен аудан орталықтарында да енгізілетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті.

Туберкулезді 2 сағат ішінде анықтауға мүмкіндік беретін тәсіл ірі қалалар мен аудан орталықтарында да енгізілмек - Т.Әбілдаев

«Қазіргі уақытта туберкулезді анықтаудың жаңа әдістерінің бірі G-Xpert болып отыр. Бұл тәсілмен туберкулездің жұқпалы түрлерін 2 сағаттың ішінде және көптеген дәріге төзімді түрін анықтауға мүмкіндік алып отырмыз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл тәсіл 2012 жылдың соңнан бастап Қазақстанда енгізілген. Қазіргі уақытта барлық облыс орталықтарында осы тәсіл қолданылып жатыр. «Болашақта туберкулезге қарсы күрестің кешенді іс-жоспарларының аясында біз мұны басқа да үлкен қалаларда, аудан орталықтарында енгізіп, халыққа қолжетімділігін арттыруды мақсат етіп отырмыз», - деді Т.Әбілдаев.