Туберкулезге шалдығу көрсеткіші Астана қаласы бойынша 13,1 пайызға төмендеген

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Туберкулезге шалдығу көрсеткіші Астана қаласы бойынша 13,1 пайызға төмендеген.

Туберкулезге шалдығу көрсеткіші Астана қаласы бойынша 13,1 пайызға төмендеген

Бұл туралы бүгін Астанада өткен туберкулездің алдын-алу мен емдеу мәселелерін арқау еткен баспасөз конференциясында Туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Роза Жүсіпова мәлім етті.

Туберкулезге қарсы қызмет және алғашқы медициналық көмек көрсету саласының медицина қызметкерлерінің кеселді дертпен күрес шаралары нәтижесінде 2010 жылдың қорытындысы бойынша жағымды көрсеткіштерге қол жеткізілді. Шаралар легі ең алдымен қала халқы арасында туберкулез дертінің таралуын мүмкіндігінше тежеу мен жағдайды қадағалау ісіне бағытталды.

Роза Жүсіпованың мәлімдеуінше, 2010 жылдың қорытындысы бойынша туберкулезге шалдығу көрсеткіші Астана қаласы бойынша 13,1 пайызға төмендеген. Аталмыш дерт салдарынан туындайтын өлім саны соңғы бес жылда екі есеге азайған. Жас өспірімдер арасында аурудың таралу көрсеткіші 21,5 пайызғ, балалар арасында 7,7 пайызға төмендеген.