Туберкулезге шалдыққандардың санын азайту бойынша жұмыстар жасалып жатыр

мәселері бойынша кезекті отырысы болып өтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Кеңес жұмысына Ішкі істер министрлігінің, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ басқа да мүдделі органдар мен ұйымдардың басшылары қатысты.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2011 жылдан бері азаматтық секторда және пенитенциарлық жүйеде туберкулез және АИТВ/ЖИТС профилактикасы, диагностикалау және емдеу, құрал-жабдық, дәрі-дәрмек сатып алу, кадрларды оқыту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Республикада жалпы туберкулезбен сырқаттанушылық және одан өлім-жітімнің көрсеткіштерінің төмендегені байқалады. 2010 жылы туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіштері 100 мың тұрғынға шаққанда 8,9%-дан 95,3-ке, 2011 жылы - 86,8-ге төмендеді. Өлім-жітім 23,6%-ға төмендеді және 2010 жылмен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 10,6-дан 8,1 құрайды.
2012 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің қолдауымен қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінен босатылған туберкулезге шалдыққан науқастарды уақтылы диспансерлік есепке алу бойынша азаматтық денсаулық сақтау секторымен сектораралық өзара әрекеттесу жолға қойылып, бірлескен жоспар жүзеге асырылуда.
Республикадағы эпидемиологиялық жағдайды және сотталғандардың эпидемиологиялық процесті дамытудағы ролін бағалау үшін ұлттық деңгейде 2005 жылдан бері топтың мінездемесін алуға, АИТВ-инфекциясына қатысты қауіпті тәжірибелерді айқындауға мүмкіндік беретін шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргізілуде. 2011 жылы шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау республиканың 14 өңіріндегі 75 түзету мекемелерінің 41-де өткізілді.
Қазіргі кезде республикада АИТВ/ЖИТС профилактикасы бағдарламасы бойынша сотталғандардың, тергеу кезінде тұтқындалғандардың, жеке құрамның, медицина қызметкерлерінің оқытылуы ұйымдастырылуда.
АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша іс-шаралар халықаралық ұйымдардың ((ЮНЭЙДС, ЮНОДС, PRI және ЖИТС, туберкулез бен безгекпен күрес жөніндегі ғаламдық қор) қолдауымен өткізіледі. Олардың тарапынан пенитенциарлық жүйеде консультациялық көмек, ақпараттық ағартушылық қолдау көрсетіліп, медициналық қызметкерлер үшін семинарлар мен тренингтер, бостандыққа шығатын сотталғандар үшін әлеуметтік сүйемелдеу ұйымдастырылуда.
Жалпы елімізде АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығы сақталуда.
Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде АИТВ-инфекциясы және туберкулезбен ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігін талап етеді. Азаматтық қоғам және мемлекеттің бірлескен іс-әрекеттері азаматтық және пенитенциарлық секторда АИТВ-инфекциясы және туберкулез сырқаттанушылық көрсеткіштерін төмендетуге мүмкіндік береді.