Туған елге саяхат: 600 бала Қазақстанның жеті аймағын пойызбен аралап шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 7 туристік аймағын аралайтын «Туған елге саяхат» балалар патриоттық-танымдық пойызына 600 бала жолдама алады. Оның ішінде 300 қатысушы «Өз өңірімді өркендеткім келеді» деген тақырыпта эссе жазу арқылы анықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Оған 10-15 жас аралығындағы балалар қатысады. Олар аталған тақырыптағы туындысын [email protected] электронды поштасына 10 маусымға дейін жолдауы қажет.

​Шығармалар қазақ немесе орыс тілінде қабылданады. Бір бала бір шығарма ғана жолдауға тиіс.

Жол үстіндегі жазғы демалысқа жолдама алатын балаларды қазылар алқасы анықтайды.

Ал 300 жолдама «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлердің балаларына беріледі.

Туған елге саяхат 3 кезеңнен тұрады:

Алғашқы кезеңде маусым айының 20-сы күні Астанадан шыққан пойыз Байқоңыр, Түркістан, Алматы және Бурабайға барып, 28 маусымда елордаға қайтып келеді.

Екінші кезең 2-11 шілде аралығында Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Алакөл – Астана бағытын қамитиды.

Ал үшінші кезеңнің қатысушылары 19-30 шілде аралығында Астанадан Алматыға, содан соң Түркістан мен Байқоңырға барып, Ақтау арқылы Астанаға оралады.

​Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және «Әлеуметтік жобалар қорының» қатысуымен жүзеге асып жатыр.

Президент телерадиокешені атынан «Jibek Joly» телеарнасы ынтымақтастық туралы меморандум аясында бас ақпараттық серіктес болып отыр.

Толық ақпаратты 8 (7172) 604 599, 8 (775) 142 66 82 байланыс нөмірлеріне хабарласып білуге болады.

Соңғы жаңалықтар