«Туған елге тағзым» экспедициясына қатысушылар Батыс Қазақстанда болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Құрамында Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің шәкірттері бар «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы Батыс Қазақстан облысында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Биыл жас зияткерлер Батыс Қазақстанды «Рухани жаңғыру - жас ұрпақтың бағдары» атты тақырып аясында аралады. Олар бір апта бойы өңірдегі археологиялық қорымдарға саяхат жасап, «Батыс Қазақстандағы Алаш арыстары» тақырыбында архивтегі құжаттармен танысты, өндірістік орындарда болды. Сонымен қатар Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары қатарына енген Жайық қалашығы, Тақсай қорған кешені, Жұмағазы хазірет кесенесі, Күнбатыс Алашордасы нысандарын өз көзімен көрді.

Экспедиция құрамына өткен оқужылында үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер алынады. Жоба мақсаты - белгілі бір аймақты тану, зерттеу.

Экспедиция барысында меймандар Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебі ғимараты және қаланың ең көрнекті жерлерімен танысты. Экскурсоводтар өңірдің көне шежіресі мен бүгінгі келбеті жайын әңгімелеп берді.

null

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқушылар тарих ғылымдарының докторы Мұрат Сыдықовпен сұхбаттасты. Профессор экспедиция мүшелеріне Батыс Қазақстан археологиясының өткені мен бүгінгі дамуы туралы кеңінен әңгімелеп берді.

null

Саяхатшылар облыс орталығынан 12 шақырым жердегі ортағасырлық Жайық қалашығында көне дәуір елесін көргендей болды. Атақты «Тақсай ханшайымын» тауып, Қазақстан тарихын толықтыруға үлкен үлес қосқан археолог Яна Лұқпанова Жайық қалашығы, Тақсай қорған кешенінің тарихи маңызы, болашақтың еншісіндегі жұмыстар туралы айтыпберді. Жас өлкетанушыларға, әсіресе, археологтың еңбек жолы, археологиялық жұмыстар кезіндегі қызықты сәттері ерекше әсер етті.

null

Дәл осы уақытта оралдық он екі үздік зияткер Қарағанды қаласындағы экспедиция құрамында болды.

Қатысушылар экспедиция қорытындысы бойынша ғылыми мақала, эссе жазады. «Туған елге тағзым» экспедициясының әр күні танымдық бағыттағы қызғылықты шараларға толы болды.

Соңғы жаңалықтар