13:56, 08 Шілде 2016 | GMT +5
Туған күнін тойлаған қыз төрт күн тайгада адасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кемеров облысында төрт күн бұрын тайгада жоғалып кеткен Новокузнецк қаласының тұрғыны табылды. Бойжеткен тығырықтан өзі жол тауып, адамдардан көмек сұраған, деп хабарлайды РЕН ТВ.
Аймақ бойынша ІІМ басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 жастағы қыз туған күн кешінде достарымен араздасып, тайгаға кетіп қалған.
Аяқ киімін батпаққа түсіріп алған бойжеткен төрт күн бойы 30 шақырым жерді жалаң аяқ жүріп өткен. Қазір ол ауруханада жатыр, дәрігерлер ағзасы шаршаған және сусызданған деп диагноз қойды.