Туған ұлын пышақтап өлтірген ана сот үкімін күтіп отыр

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Өз ұлын өлтірген қостанайлық сот алдында жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туған ұлын пышақтап өлтірген ана сот үкімін күтіп отыр

46 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлімі) бойынша қаралуда. Ведомствода мәлім етілгендей, оқиға 2017 жылдың 31 желтоқсанында түнде болған.

«Күдікті әйел 25 жастағы ұлымен Жаңа жылды қарсы алып, ішімдік ішеді. Таңғы сағат 08:00 шамасында ұлы анасынан спирттік  ішімдік алатын ақша талап еткен. Өз кезегінде анасы қарсылық танытқан. Ашуланған ұлы анасын асхана шкафы тұрған жаққа итеріп жіберген», - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Мұнан соң әйел үстелден пышақ алып, ұлын қорқытқан. Сондай-ақ, оң жақ қолына пышақ сұғып алған. Содан кейін кеуде тұсына пышақпен соққы жұмсады. Салдарынан ұлы оқиға орнында қаза болды.