09:52, 03 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Туған жер: Ақмола облысындағы ауылда футбол-баскетбол алаңы пайдалануға берілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Целиноград ауданының Мəншүк ауылында «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жасанды жабындысы бар футбол-баскетбол алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаның құны 11 миллион теңгені құрайды. Оны «BI Group» ЖШС-ның құрылтайшысы, осы ауылдың тумасы Бауыржан Исабаев демеушілік ретінде бөлген. Нысан қазіргі заманға сай жабдықталған. Алаңда ауыл жастарының спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалынған.
Нысанның ашылу салтанатына Целиноград ауданының тумасы Мəлғаждар Тəткеев пен ауыл тұрғындары қатысты.