«Туған жер» жобасы аясында демеушілер 7 мыңға тарта әлеуметтік нысан салды – Аида Балаева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Туған жер» жобасы негізінде демеушілік қаражаты есебінен 7 мыңға тарта әлеуметтік нысан салынды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының қоғамдық сананы жаңғыртудағы орасан зор орнын барша зиялы қауым ерекше жоғары бағалап келеді. Осы мақала негізінде «Рухани жаңғыру» атты кешенді бағдарлама қабылданды. Бағдарламаны үйлестіретін арнаулы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Бағдарлама аясында ауқымды жобалар төл мәдениетімізді, ұлттық ділді, қоғамдық сананы жаңа уақыт талабында бейімдеп, алтыг өзегіне айналды», - деді министр.

Аида Балаеваның айтуынша, «Туған жер» жобасы негізінде демеушілік қаражаты есебінен 7 мыңға тарта әлеуметтік нысан салынды. Осы бағытта өңірлік инфрақұрылым нысандарын дамытуға жалпы құны 280 млрд теңгені құрайтын демеушілік жасалды. Жобаға 13 мыңнан аса меценат қатысты.

«Нәтижесінде елдегі қайырымдылық және меценаттық мәдениеті жаңа серпін алды деуге болады», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында жалпыұлттық маңызы бар танымал орындар мен нысандар тізілімі кеңейтілді. Жалпыұлттық маңызға ие 2 006 нысан, өңірлік маңызға жататын 575 нысан анықталып, еліміздің киелі жерлер картасы мен 2-томдық энципклопедиясы шықты. Республиканың түкпір-түкпірінен 28 тарихи нысан қайта жаңғыртудан өткізлді. Бозақ, Ботай және жаңартылған Сарайшық қорық музейлері ашылды.

«Қазақстанның киелі нысандарын әлемге таныту мақсатында ВВС студиясының қатысуымен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Алтын адам», «Қожа Ахмет Яссауи мен Айша бибі кесенелері» туралы, «Күлтегін. Жаңа көзқарас» фильмдері түсірілді. Олар әлемнің 6 тіліне аударылып, 700 млн-нан астам көрермені бар ВВС, Discovery, Viasat History, National Geographic телеарналарында көрсетілді», - деді Аида Балаева.


Соңғы жаңалықтар
telegram