Туған жерге туыңды тік: жергілікті инвесторлар Абай облысын қалай қолдап жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Облыс әкімі өңірдің 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінде жергілікті инвесторлардың үлесіне тоқталды. 

«Туған жерге туыңды тік»: Абай облысында жергілікті инвесторлар өңірді қалай қолдап жатыр
Фото: ОКҚ

— Биыл маусымда «Туған жерге туыңды тік» деген атаумен жерлестердің басын қосып форум өтті. Ол жерге біраз инвестор келіп, қаржы салуға келісім берді, 15 келісімге қол қойдық. Соның нәтижесінде 336 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды, — деді Берік Уәли орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Өңір басшысының айтуынша, облыста қалталы азаматтар баршылық. 

— Ең бастысы олардың әрқайсысымен жеке-жеке келісім жүргізіп, тілін табу керек. Мысалы, «Пана» қонақ үй желісінің құрылысы осы айда аяқталып, пайдалануға беріледі, бұл жеке инвесторлардың көмегімен салынып жатыр. Сондай-ақ жеке инвестордың қаржысына үлкен сауда үйінің құрылысы басталды, құрылыс тоқтап қалған соны қайтадан жалғастырып жатыр. Одан кейін ағайынды Мұқашевтер ет комбинатын ашқалы жатыр, бұл да жеке инвесторлардың қаржысы. Өз тарапымыздан жерлес инвесторларды тартып, жұмыс істеп жатырмыз, — деп толықтырды Берік Уәли.

Абай облысында 159,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Айта кетсек, Семейде жаңа жылу электр орталығын салу бойынша жедел жұмыс тобы құрылды

Абай облысында жыл соңына дейін 10 ауыл интернетке қосылады

Сондай-ақ Берік Уәли Семейде өнеркәсіп өндірісін кеңейтуге 500 гектар жер бөлінетінін мәлім етті

Белгілі болғандай жыл соңында дейін Абай облысында 255 жұмыс орнымен қамтитын 7 жоба жүзеге асырылады

Сонымен қатар облыс әкімі Алакөлдің туристік және инвестициялық әлеуетіне қатысты түсінік берді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай биыл Абай облысында инвестиция тарту 103,1 пайызға өскен

Соңғы жаңалықтар