10:03, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
Туиттер жазбаны 140 белгімен шектемейтін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Туиттер келте блог желісінің басшылығы ресми түрде 140 белгі бойынша жазбаны шектеуін өзгертетінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Сейсенбі күні компанияның сайтында аға менеджер Тодд Шерманның блогында осындай мәлімдеме жария етілді. Бұдан былай әріп-белгілерді санау кезінде медиақосымшалар - фотосурет, бейнеролик, GIF-файлдар және цитаталар шектеуге қосылмайды.
Шектеу @есім белгісі бар туиттерге берілген жауаптарда да жұмыс істемейді. Бұл белгімен басталатын жаңа туит барлық жазылуышыларға (фолловер) көрінетін болады.
Аккаунт иесі өзінің жазбасын қайтадан бөлісе (retweet) аплатын болды.