ТҮКШ нысандарын концессияға біртіндеп енгізу моделі ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Министрлік өңірлермен және Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесе отырып барлық ықтимал қауіп-қатерлер мен коммуналдық инфрақұрылымдардың даму тәжірибесін ескеріп, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ) нысандарын концессияға біртіндеп және кезең-кезеңімен енгізу моделін ұсынады. Бұл туралы Үкімет отырысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселесі туралы баяндау барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оның айтуынша, ТҮКШ нысандары 3-5 жыл мерзіміне сенімді басқаруға беріледі. Ол еліміздің «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» заңында әріптестіктің бір түрі ретінде көрсетілген.

«Бұл кезеңнің мақсаты -кәсіпорынды қалпына келтіру, аппаттық жағдайлар мен шығынды азайту, төлемдерді жинауды қамтамасыз етіп, кірісті арттыру арқылы тиімділік индикаторының көрсеткішіне жету. Сонымен қатар, бұл кезеңде нысанның алдын-ала инвестициялық тартымдылығын бағалау жұмысы жүзеге асырылады.

Екінші кезеңде ТҮКШ нысаны концессияға 10-30 жыл мерзіміне дейін беріледі. Бұл тұрғыда мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанын қайта қалпына келтіру және оларды жаңғырту үшін жеке инвестициялар мен энергиялық тиімділік технологияларын тарту ескерілген»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінен мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша 39 қанатқақты жоба іріктеліп алынды. Оның ішіндегі ең маңызды жобалардың бірі - Ақтөбе мен Қызылорда қалаларындағы ТҮКШ нысандарын сенімді басқаруға табыстау. Ол Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтасудың арқасында жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, Маңғыстау облысындағы тұщытқыш зауытының құрылысы да концессия жобасына кіреді. Қазір онда конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

«Қанатқақты жобаларды сәтті жүзеге асыру тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың барлық секторында осы тәжірибені қолдануға, салаға жеке инвестициялар тартуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқаруды жақсартуға және мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді»,-деді ҚР Инвестициялар және даму министрі.

Соңғы жаңалықтар