16:11, 18 Наурыз 2014 | GMT +5
Тұқыммен қамтамасыз ету деңгейі 99,3 пайызды құрады - ҚР АШМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 21,8 млн. гектар алқапқа егіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі баспасөз мәслихаты барысында мәлім болды.
Сонымен қатар астық егістері 15,9 млн. гектар жерді қамтыса, майлы дақылдар 2 млн. гектарға, жем-шөп 3,4 млн. гектарға орналастырылады. Жаздық егіске арналған тұқыммен қамтамасыз ету деңгейі 99,3 пайызды құрап отыр. Министрліктің мәліметіне қарағанда, тұқым тапшылығы 16,9 мың тонна көлемінде болуы мүмкін. Тапшылықтың негізгі көлемі былтыр құғақшылықтан зардап шеккен Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына тиесілі. Осы орайда егіске қажетті тұқым облыстардың өз қоры есебінен және мемлекеттік тұқым ресурсынан тартылады. Гидрометқызмет деректері бойынша көктемгі егіс жұмыстарының басында топырақтағы ылғал қоры еліміздің барлық аумағында оңтайлы және қанағаттанарлық деңгейде болады деп күтілуде.