Тула облысында болған өрттен төрт адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тула облысында болған өрттен төрт адам қаза тапты. Бұл туралы РФ тергеу комитетінің БАҚ-тармен өзара әрекеттесу басқармасында хабарланды.

Ведомство өкілі тілшілерге баяндап бергендей, Тула облысы Богородицкий ауданының Кобылинка ауылындағы жеке тұрғын үйде болған өртті өшірген соң оның ішінен екі ер адам мен екі әйел адамның мәйіттері табылған. Тексеру барысында күштеп өлтіру деректері анықталған жоқ. Болжам бойынша, жану темекі шегу кезінде отты абайсыз қолданудан болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram