Тулада 11 жыл бұрын «қайтыс болған» әйел тірі болып шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тулада тұратын әйелдің ІІМ базасында қайтыс болған ретінде тіркелгені күтпеген жерден анықталды, деп хабарлады Планета.ру.
Мәскеулік турист Тулада сквер маңында серуендеп жүріп, ересек адамның қарауынсыз бір баланың ұйықтап жатқанын байқайды. Ол бірден полиция бөлімшесіне хабарласты. Бірден жеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері шынымен ұйықтап жатқан баланың үстінен түскен. Біраз уақыттан кейін екі бала ерткен әйел келіп, баланың анасы екенін мәлімдеді. Ол бала шаршағанын, ал өзіне дүкенге кіру қажет болғанын, сол үшін жалғыз қалдырып кетуге тура келгенін айтты. Құжат көрсет дегенде, ол тек балалардың туу туралы куәлігін көрсеткен. Тексеру барысында ол 11 жыл бұрын қаза тапты деп тіркелгені анықталды.
Ол Вологдада тұрып келген, алайда 13 жасында ата-анасымен ұрсысып қалып, 1992 жылы үйінен кетіп қалған. Содан бері іздеуде болған. 2005 жылы сот шешімімен қаза тапты деп танылған. 25 жыл оны көрмеген анасы бірден Тулаға келіп, қызымен жолыққан. Қазір құжатты қалпына келтіріп, балаларға көмектесу мәселесі шешілуде.